Friday, 18 October,2024

Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топ мүшелері Қазақстанға жеткізілді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Елдос Қоспаев және оның қылмыстық тобындағы 7 адам Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Онда 6 қыркүйекте арнайы операцияның нәтижесінде Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілгені айтылған.

Айта кетейік, Елдос Қоспаев және оның қылмыстық тобы рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып, оларға халықаралық іздеу жарияланған болатын. Күдіктілер Астанаға жеткізілді.

Ұсынылатын