Sunday, 24 November,2024

Электр бағанасына шыққан монтер тірідей жанып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыда жантүршігерлік жағдай. Электр бағанасына жөндеу жұмысын жүргізу үшін шыққан мантерді тоқ соғып, тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. Онда электр ақауына байланысты бағанға шыққан монтер тірідей жанып кеткені айтылады.

Кейіннен бұл деректі полиция растады. Онда оқиғаның Түрксіб ауданында болғаны жазылған.

"Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр", — деп атап өтті ведомстводан.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін атап өтті.

Ұсынылатын