Sunday, 28 April,2024

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің финалына жолдама алды

Алмас Абылай
Фото Vesti.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан Miami Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстанның бірінші, ал әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина жартылай финалда әлемнің  3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуладан басым түсті. 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңген Рыбакина енді ақтық сында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, матч ауа райының қолайсыздығына байланысты екі рет тоқтатылды. Ал матчтың ұзақтығы 1 сағат 52 минутқа созылды.

Ұсынылатын