- Басты жаңалықтар
- Экономика
- Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды - Әлихан Смайылов
Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды - Әлихан Смайылов
Премьер-министр Әлихан Смайылов биылғы жылдың диханшылар үшін ауыр жыл болғанын жеткізді. Оның айтуынша, соған қарамастан биыл елімізде нан тапшылығы болмайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Қолайсыз ауа райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті. Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген”, - деді Әлихан Смайылов.