Thursday, 19 September,2024

Елге қосалқы-бөлшек түрінде әкелінген көліктерді заңдастыру 22 мамырдан басталады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қазақстанда  автомобиль-конструкторларды заңдастыруға рұқсат етілді. Заңдастыру 22 мамырдан басталады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ішкі істер министрлігі ел тұрғындарына жақсы жаңалықты жариялады. Енді 22 мамырдан 1 шілдеге дейін елімізге қосалқы-бөлшек түрінде әкелінген автокөліктерді толықтай заңдастыруға болады. Ол үшін небәрі 200 мың теңге ғана жаратасыз.

Заңдастыру алгоритмі мынадай:

1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электрондық тіркеу (автоконструкторлардың барлық иелеріне автоматты түрде бас тарту және АХҚКО-да ПО қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады).

2-қадам: ПЦ қызметкері көлік құралдары құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік құралдарын критерийлеріне сәйкес келген жағдайда к/қ электрондық мақұлдау парағына енгізеді.

3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электрондық мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді, сарапшы-криминалист салыстыру үшін к/қ ұсынумен тексеру пунктіне жібереді.

4-қадам: Салыстырып, тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және мемлекеттік баж 200 000 теңге мөлшерінде алым төлейді.

Ұсынылатын