Елімізде 1 шілдеден бастап темекі тағы қымбаттайды
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі өнімдерінің бағасы тағы да өседі. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталындағы қаржы министрлігі басшысының тиісті бұйрығында айтылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда, фильтрлі, сүзгісіз 20 темекіге, сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына бөлшек сауданың ең төменгі бағасы – 820 теңге, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап 870 теңге болып бекітілсін”, – делінген құжатта.
Биыл қаңтардан бастап бекітілген ең төменгі баға 20 темекіге 770 теңге болды.
1 қаңтардан бастап темекі өнімдеріне акциз ставкасы өткен жылмен салыстырғанда 12,8% өсті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ақпан айында елдегі инфляция 9,3% деңгейінде болды. Сондықтан "Атамекен" ең төменгі бөлшек сауда бағасын 20 темекіге көтеруді ұсынды.
Бұйрық 1 шілдеден бастап күшіне енеді.