Елімізде енді алқабилер судьялардың ықпалынсыз шешім қабылдай алады
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алқабилер сотында шешімді кеңесу бөлмесінде судьяның қатысуынсыз 11 алқаби қабылдайды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралып, соңында алқабилер кеңесу бөлмесінде қалады. Депутаттар істі қарап отырған судья алқабилермен бір бөлмеде қалмауы керек деген норманы енгізіп отыр.
Судья өзінің кабинетінде отыруы керек, алқабилер судьясыз шешім қабылдап, сол хаттаманы кәсіби судьяға табыс етіп, сол бойынша ол шешім шығаруы қажет.
Аталған норма азаматтардың құқығын қорғауға басымдық беру мақсатымен енгізілуде.
Айта кетейік, қоғамда резонанс тудырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот алқабилердің қатысуымен 27 наурызда өтеді.