Sunday, 19 May,2024

Елімізде газ бағасы қымбаттайды

Uaqyt.info
Фото pixabay

Қазақстанның бес өңірінде, атап айтсақ Алматы, Алматы облысында, ШҚО, СҚО, Абай облыстарында сұйытылған автогаз бағасы өсуі мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ашық НҚА порталында жарияланды. Онда өзгерістерге сәйкес, еліміздің бес өңірінде газ бағасы қымбаттайтыны туралы айтылған.

“Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюы, сұйытылған мұнай газын (СМГ) бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаны көтеру қажеттігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтінішін ескере отырып, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде СМГ-ның бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды”, - делінген бұйрықта,

Осыған сәйкес, Алматыда газ құны 65 теңгеден 75 теңгеге дейін, Алматы облысында 70 теңгеден 75 теңгеге, ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды. Шығыс Қазақстан облысында 60 теңгеден 70 теңгеге дейін өссе, облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы жағдай да мәз емес. Онда газ құны 70 теңгеден 75 теңгеге дейін, ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы елді мекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттайды. Абай облысында газ 60 теңгеден 65 теңгеге дейін өседі деп күтілуде. Облысы орталығынан қашықта тұрған елді-мекендерде 65-тен 70 теңгеге дейін көтеріледі.

Құжат 17 сәуірге дейін көпшілік талқысында болады.

Ұсынылатын