Елімізде клиенттерге кальян ұсынатын кәсіпкерлерге жаза күшейтілмек
Бұл туралы медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық орындарда кальян тұтынуға тыйым салынғанына қарамастан кәсіпкерлер клиенттеріне кальян сатуын тоқтатар емес, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Осыған байланысты парламент мәжілісінің депутаттарымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шеңберінде айыппұл сомасын көбейту нормаларын пысықтаймыз. Қазіргі заңнамада темекі өнімдерін тұтынатындарға қатысты жаза болғанымен, оны тұтынуға мүмкіндік беретін рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты біз қазір талқылап жатырмыз, әкімшілік құқықбұзушылық шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді - яғни ресторатор мен кәсіпкерлерге салынатын айыппұл сомасы артып мен норма күшейтіледі", - деді Гүлнар Сәрсенбаева.