Saturday, 23 November,2024

Елімізде нансоғарлар қай өңірде көп тұрады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы нан көп жейтін облысты атады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстан халқы ең көп қаржысын ет және ет өнімдеріне (17.4%) жұмсайды. Екінші деңгейде сұраныс нан мен жарма өнімдеріне (8%) көп. Сондай-ақ сүт өнімдерін алу үшін жұртымыз табысының 5,4% бөледі.

«Аймақтар арасында жекелеген азық-түлік өнімдерінің тұтынылуын салыстыратын болсақ, нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары ең көп тұтынған – 44,1 кг (тоқсанына жан басына шаққанда), ет және ет өнімдері бойынша Жамбыл облысы – 25,8 кг, балық өнімдерін ШҚО, БҚО және СҚО тұрғындарының дастарқанынан жиі көруге болады – бір адамға шаққанда тоқсанына 5,2 кг, көкөністер бойынша Түркістан облысындағылар – 23,8 кг, жемісті алматылықтар көп жейді – 22,1 кг, ал тәттілер жан басына шаққанда Ұлытау облысында – 14,4 кг көп тұтынылған», делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Ұсынылатын