Sunday, 24 November,2024

Елімізде өз SIM-картасын біреуге бергендерге айыппұл салынбақ

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Енді елімізде өзінің SIM-картасын біреуге бергендерге айыппұл салынбақ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Себебі шетелдік алаяқтар қазақстандық ұялы компаниялардың нөмірлерін қолдана бастаған. Бұл оларға біздің азаматтарымызға кедергісіз қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Ал бұл кейбір қазақстандықтардың сыйақы үшін электрондық SIM-карталарды өздеріне рәсімдеуінің, содан кейін оларды алаяқтарға беруінің кесірінен болып отыр.

"Қазір бұл олқылықтар реттелуде. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 637-бабы осындай әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілікті көздейтін 18-тармақпен толықтырылады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл 50 АЕК-ке дейін болады (2023 жылы 172 мың теңге)", - деді Игорь Лепеха.

Ұсынылатын