Sunday, 24 November,2024

Елімізде қызылша жұқтырғандардың саны күрт артты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан асты. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған балалардың уақытылы екпе алмауы себеп. Ауырғандардың ең көп көрсеткіші Алматы, Шымкент, Атырау қалаларында тіркелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Ауырғандардың 83%-ы – балалар. Осы ауырған балалардың көбісі, яғни 85%-ы – екпе алмағандар. Сондықтан екпе салу бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Мәселен, Қазақстанның бас санитар дәрігері қосымша балаларға екпе салу туралы айтқан болатын. Қосымша екпе алты айлық және он бір айлық нәрестелерге, екі жастан он бір жасқа дейінгі балаларға жасалатыны туралы”, - деді Сұлтанғазиев.

Ұсынылатын