Sunday, 24 November,2024

Елімізде сарбаздарға кредит алуға тыйым салынуы мүмкін

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Сарбаздарға кредит беруге толық тыйым салынуы керек! Бұл туралы мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков айтты. Ол сауалында осындай заң енгізу арқылы сарбаздардың қауіпсіздігін қорғаймыз деп отыр. Өйткені әскерде мәжбүрлі түрде кредит алғызу үрдісі көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Әскери қызметшілерге келсек, кредит алуға мораторий енгізуді ұсынамыз. Бұл жерде мәселе сарбаздарға қатысты болып отыр. Яғни, біз мерзімді қызмет сарбаздарына несие беруге толық тыйым салғымыз келеді. Неге? Сарбазға әскери міндетін өтеп жүргенде мәжбүрлеп кредит алғызу фактілері бар. Біз әскер сарбаздарды тиісті деңгейде қамтып отыр деп сенеміз. Сондықтан олардың кредит алуына негіз жоқ, - деді Ерлан Стамбеков.

Ұсынылатын