Елімізде су мен жарық бағасы қымбаттайды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы жарық, су, жылу тарифтері қашан және қаншаға қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Министр Қуантыровтың айтуынша, тарифтердің бағасы бірден емес, біртіндеп және өңірлерге байланысты өседі.
“Электр энергиясы желілер тозған өңіріне байланысты қымбаттайды. Бізде қалай? Биыл бағдарлама жариялағаннан кейін желілерді жылдам жаңарту керек. ЖЭО-ларда да. Электр энергиясы үшін баға өсімі шілдеге жоспарланған. Ал жылу бойынша өсім жаңа жылыту маусымы басталған кезде болады. Ол да өңірге байланысты. Мәселен, қыркүйекте қымбаттаса, ол сома қазанда келеді”, – деп түсіндірді министр.