Wednesday, 24 April,2024

Елімізде жемқорлардан қайтарылған ақшаға 62 мектеп салынбақ

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Жемқорлардан қайтарылған ақшаға ел өңірлерінде 62 мектеп салынбақ. Оқу-ағарту министрлігі "Құрылысы және реконструкциялануы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілерінің басым тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 17 ақпандағы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құжатқа сәйкес ел өңірлерінде мектеп құрылысына деп 96 миллиард 495 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат жаңа мектептерді салуға және бұрыннан бар мектептерді кеңейтуге жұмсалмақ.

Мысалға Алматы облысында 11550 орындық 10 мектеп салынса, Астанада 7425 оқушыға арналған 10 білім ошағын тұрғызу жоспарланған. Сондай-ақ, Түркістан облысында 2050 орындық 9 мектеп, Жамбыл облысында 2850 орындық 6 мектеп, Қызылорда облысында 2175 орындық 5 мектеп, Маңғыстау облысында 4800 орындық 4 мектеп салу көзделіп отыр.

Сонымен қатар өзге өңірлер де бар. Шамамен жоспар бойынша әр облыста 200-300 орынды мектептен бастап 1200 орынды оқу ордасын салу жоспарланған.

Ұсынылатын