Sunday, 24 November,2024

Еліміздегі қаралы жағдайға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы көңіл айтты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды ДДСҰ басшысы.

Айта кетейік, 28 қазан күні сағат 2.33-те Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылды. Әлі 10 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Бас прокуратура Костенко шахтасындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Болжам бойынша, компанияның мәліметінше, лавада газ метанының жарылған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Штаб құрылды.

Ұсынылатын