Friday, 22 November,2024

Еліміздегі үш әуежай жекенің қолына өтетін болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның айтуынша, мұндай қадамға ел әуежайларында мультимодальды орталықтарды құру мақсатында барып отыр. Қазір осы мәселеге қатысты инвесторлар тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын осы салада тәжірибесі бар ірі әлемдік инвесторлардың сенімгерлік басқаруына беру бойынша келіссөздер жүргізілуде", - деді Марат Қарабаев.

Ұсынылатын