Saturday, 23 November,2024

Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік жүріп, жаңбырлы болады. Күн 1-6 градусқа дейін суытуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазгидромет синоптиктерінің болжауынша, республиканың батысында, оңтүстік батысында жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр болады.

Еліміздің шығысында және оңтүстік-шығыс аудандардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – найзағай, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарында – бұршақ, солтүстігінде және шығысында – тұман, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде - шаңды дауыл соғады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік сақталады.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Ұсынылатын