Еліміздің бірқатар өңіріндегі жолдарды су шайып кетті
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
"Қазавтожол" ҰК " АҚ 2024 жылғы 16 сәуірде Республикалық маңызы бар автожолдардағы су тасқыны жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасқыны орын алды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 534 бірлік техника мен 1134 адам жұмылдырылған.
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды, делінген "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметінен.