Friday, 22 November,2024

Еліміздің тағы бір облысында төтенше жағдай жарияланды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаратомар су қоймасының шамадан тыс толып кетуіне байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды. Өйткені шамадан тыс көп судың ағызылуы “Дорожник”, “Садовод”, “Мичуринец” бау-бақша қоныстарын және “Колесные ряды” ауданын шайып кетуі мүмкін.

“Аталған аумақтардың тұрғындары құзіретті органдар бірінші талап еткен сәттен бастап, ұйымдасқан түрде эвакуацияға кірісуі керек. Бұл шарада егде кісілерге, жүріс-тұрысы қиын азаматтар мен балаларға ерекше көңіл бөлу сұралады. Алдын ала құжаттарыңыз бен алғашқы қажеттілігі бар заттарыңызды даярлап қойыңыздар. Сіздерге автобустар жіберіліп, олар эвакопункттерге қатынайды. Уақытша қоныстарда ас-ауқат және жатын орын әзірленген”, – делінеді қалалық штаб хабарламасында.

Қостанай қаласы аумағында тұрғындарды эвакуациялауға арналған бірнеше пункт әзірленіп қойылған. Олар:

– ҚР ІІМ Академиясының жатақханасы;

– Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі;

– Қостанай автомобиль көлігі колледжі;

– Қостанай қызмет көрсету салалары колледжі;

– Қостанай құрылыс колледжі;

– “Дружба” профилакториясы;

– №2 мектеп-лицей спорт залы;

– №14 ЖББМ;

– С.Мәуленов атындағы гимназия;

– №19 және №20 мектептер;

– Физика-математика лицейі.

“Құрметті қостанайлықтар! Эвакуация кезінде дүрбелеңге салынбай, құқық қорғау органдары мен ТЖ қызметкерлерінің заң жүзіндегі барлық талаптарын орындауларыңызды сұраймыз! Егер тасқын жеңіл өтер болса, адамдар қалдырып кеткен тұрғын үй алаптарын тәртіп сақшылары күзететін болады”, – делінеді штаб үндеуінде.

Ұсынылатын