Friday, 20 September,2024

Елордада белгісіз ер адам кішкентай балаларды аңдыған

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адамның балаларды аңдыған сәті бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бақылау камераларының біріне түсіп қалған жағдай әлеуметтік желіде тарады. Видеода белгісіз ер адамның жедел сатыға мінген балаларға қосыла кіргенін байқайсыз. Мұнан кейін әлгі балалар пәтер есігіне жеткенде лифт түбінде күтіп тұрған сәтін де көруге болады.

Ер адамның әрекеті тұрғындардың күдігіне ілінген. Тіпті ұзақ уақыт балаларды күтіп, аңдып тұрудың өзі қандай да бір арам пиғылды көздегенін меңзеуде.

Қазіргі уақытта жергілікті полиция белгісіз азаматтың жеке басын анықтауға кірісті.

Ұсынылатын