Friday, 22 November,2024

Елордада кран қызметкерінің аспалы темірде дәретке отырған сәті қызу талқылануда

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Елордадағы құрылыс нысандарының бірінде кран қызметкерінің әрекеті қызу талқыға түсті. Ол тапа-тал түсте үлкен дәретке отырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан кран қызметкерінің кабинадан шығып, аспалы темір ортасында дәретке отырған көрінісін көзіңіз шалады. Тіпті автор жұмысшының қатты қысылғанын айтуда.

"Міне, ағайындар, кран қызметкері дәретханаға қайда барады деген сұраққа жауап берейін. Кабинадан шығып, аспалы тұстың ортасына бұтын шешіп отыр. Астананың қақ ортасы. Сол жақ жағалау. Ұзақ отырады екен", - дейді бейнежазба авторы.

Кран қызметкерінің бұл әрекетіне жазылған пікір көп. Басым бөлігі осы бейнежазбаны түсірген авторды сынға алған. Яғни жаның қысылса кез келген адам осылай істейтінін жазуда.

Ұсынылатын