Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Астанада 27-28 шілде күндері Терроризмге қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен Терроризмге қарсы Астана қалалық штабы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестік көріністеріне шұғыл әрекет ету бойынша дайындығын тексеру.
«Шектеу шаралары, соның ішінде жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозағылысына тыйым салу жоспарланған. Оқу-жаттығу түрлі күрделелік элементтерін қамти отырып, шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған.
Азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», - деп мәлім етті Терроризмге қарсы Астана қалалық штабынан.