Monday, 25 November,2024

Елордада тілі 18 сантиметрге ұзарған әйелге операция жасалды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Астанада 62 жастағы әйелге операция жасалды. Оның тілі шамадан тыс ұзарып, қалыңдап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының дерегіне сүйенсек, мамандар сирек кездесетін диагнозбен түскен 62 жастағы әйелге операция жасаған. Науқастың диагнозы – макроглоссия. Яғни тілдің шамадан тыс ұлғаюымен сипатталатын сирек кездесетін патология.

Ауруханаға түскен әйелдің тілі өте үлкен болды. Ұзындығы -16-18 см, ені - 10 см, қалыңдығы да бірнеше сантиметрге жеткен. Оған қоса, пациенттің басқа да аурулары болды. Олар: жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі, коронарлық тамырларды аортокороналдық шунттау операциясы, жоғары дәрежелі артериялық гипертензия, қант диабеті, церебралдық атеросклероз, созылмалы вертебробазилярлық жеткіліксіздік.

Осыған байланысты ота бірден жасалмады. Кардиологтар, кардиохирургтар, невропатологтар мен эндокринологтар науқасты үш ай бойы мұқият зерттеді. Содан кейін ғана отаға рұқсат берілді.

Ұсынылатын