Елордада халықты "қарулы жиһадқа" үндеген шетел азаматы сотталды
Алмас Абылай
Фото pixabay
Елордада жұртты лаңкестік әрекетке үгіттеген Тәжікстан азаматы сотталды. Үкім заңды күшіне енген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тәжікстан Республикасының 26 жастағы азаматына Сарыарқа аудандық соты үкім шығарды. Белгілі болғандай, халықаралық лаңкестік ұйымдардың идеологиясын насихаттағаны үшін сотталған "М" өз бетінше астаналық діндарларды "қарулы жиһадқа" қатысуға үндеген. Сонымен қатар, ол өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, лаңкестерге қаражат жіберген.
Елордалық соттың үкімімен шетел азаматы Қылмыстық кодекстің 256 және 258-баптары "Терроризмді насихаттау", "Терроризм қызметін қаржыландыру" бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.