Saturday, 23 November,2024

Елордаға жиналған Жаңаөзендік мұнайшылардың мұңын тыңдауға тек 3 депутат қана келді

Алмас Абылай
Фото

Астанада 2 күннен бері Жаңаөзеннен келген мұнайшылар өз талаптарын орындата алмай жүр. Олардың мұңын тыңдауға бүгін мәжілістен тек 3 қана депутат барған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жаңаөзендік мұнайшылармен мәжілістің 3 депутаты ғана кездесті. Ермұрат Бапи, Мақсат Толықбай және Ринат Зайытов олардың негізгі талаптарын тыңдап, өз ойларын айтты.

Мұнайшылар тендер салдарынан тұрақты жұмысынан айырылған еді. Сол мәселені жолға қою және осындай ойынның құрбаны болмас үшін олар елордаға арнайы келді. Әзірге "ҚазМұнайГаз" және энергетика министрлігі өкілдерімен келіссөз жүргізген жұмысшылар ортақ шешімге келе алар емес.

Ұсынылатын