Елшілік Израильдегі отандастарымызға үндеу жасады
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі ел азаматтарына Израильде қалыптасқан жағдайға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Қауіпсіздік саласы бойынша жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Қазақстан азаматтарына (нақтырақ айтқанда елдің оңтүстігіндегілерге) тылдағы Басшылықтың бұйырығын орындап, қауіпсіз жерге тұрақтап, ол жерден ресми билік өкілдерінің хабарлауынсыз ешқайда шықпауға кеңес береді",- делінген мәлімдемеде.
Қазақстанның шұғыл хабар үшін қажет Тель-Авивтегі Елшілігінің телефон нөмірлері:
+972 (3) 741 78 05 (кезекші),
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp),
+7 700 111 31 96 (whatsapp).
Қазақстанның Air Astana әуе компаниясы Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатты.