Елшілікке жасалған шабуылға наразылық: Данияда тағы да құран өртелді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Данияда Ирак елшілігі ғимаратының алдында құран өртелді. Бұл істі "Danske Patrioter" ("Дат патриоттары") тобының мүшелері ұйымдастырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Арандатушы топ құранды өртеу сәтін тіпті әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсеткен. Олар бұл әрекетін Бағдадтағы Швеция елшілігіне жасалған шабуылға наразылық деп түсіндірді.
Акция полицияның күшейтілген күзетімен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.