Saturday, 23 November,2024

Елтаңбаны өзгертуге қанша қаражат кетеді?

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қоғамда Елтаңбаны өзгерту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бірі Президенттің бастамасын қолдаса, енді бірі өзгертуге түбегейлі қарсылық танытуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атырауда өткен Ұлттық Құрылтай қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр. Соның бірі – Елтаңбаны өзгертуге қатысты.

Айта кетейік, Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын айтқан еді. Сол-ақ екен көпшілікті рәмізді өзгертуге қанша қаражат кетеді деген сұрақ мазалады.

Осы сауалға қаржы министрі Мәди Тәкиев өз пікірін білдірді.

"Алдымен өзгертіле ме, соны шешіп алайық. Өздеріңіз жақсы білесіздер, шешім әлі шығарылмады. Қоғамның көпшілігі қолдаса, арнайы комиссия құрамыз... Бұл жағдайда бізге алдын ала жобалау қажет болады, бұл көп жұмыс, бірақ біз оны да есептейміз.(...) Елтаңбаны ауыстыру біраздан бері айтылып жүргенін жақсы білесіз. Президент бұл мәселені Ұлттық құрылтайда талқылауды ұсынды. Егер қоғам бұл мәселеге жалпы қолдау білдірсе, оны ары қарай талқылау керек деді. Бұл мәселені түбегейлі қарайтын арнайы комиссия құрылып, оң шешімін тапса, қалған шығындар бойынша жұмыс жалғасады", - деді Мәди Тәкиев.

Ұсынылатын