Sunday, 28 April,2024

Ең көбі Түркістан облысында: Елімізде қанша бала бар

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Ұлттық статистика бюросы елдегі 16 жасқа дейінгі балалардың санын жариялады. Ондағы дерекке сүйенсек ұл балалардың саны қыздарға қарағанда көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 миллион 162 мың бала бар. Оның 51,4% ұлдар болса, 48,6% – қыздар. Қалалық жерлерде 3 миллион 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде – 2 миллион 497 мың бала бар.

Өңірлер бөлінісінде балалардың ең көп саны Түркістан облысында – 836 мың, одан кейін Алматы қаласы және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.

Ұсынылатын