Ең көбі Түркістан облысында: Қазақстанда қанша ауыл бар?
Алмас Абылай

Еліміздегі ауылдар мен кенттер, аудан және облыс, қала саны белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, ел аумағындағы ауылдар саны – 6 286 екен. Оның ішінде ең көбі Түркістан облысында. 14 ауданда 800-ге жжуық ауыл бар екен.
Жалпы 2023 жылғы 1 шілдеге облыстардың саны 17, аудандар - 188, қалалар - 89, оның ішінде республикалық маңызы бар қалалар - 3, кенттер - 29, ауылдық округтер - 2 176 құрайды.
Республика бойынша ең көп аудандар саны Ақмола облысында, ал облыстық маңызы бар қалалар мен кенттік әкім аппараттары Қарағанды облысында. Ақмола және Қостанай облыстарында ауылдық әкім аппараттары көп санаттан.