Thursday, 14 November,2024

Ең қымбат баға 12 мың: Алматыдағы әуежайда такси қызметінің шекті бағасы бекітілді

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматыдағы Халықаралық әуежайда такси қызметінің шекті бағасы бекітілді. Мұндай шешім соңғы уақытта таксиситердің елге келген қонақтардан қомақты ақша бопсалау әрекетіне байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық кәсіпкерлер палатасының жанындағы туризм кеңесі қала әуежайындағы такси қызметтерінің құнына талдау жүргізді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде палата төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов жосықсыз такси жүргізушілер мәселесі реттелгенін айтты. Яғни салалық комитетпен тарифтер ұсынылып, әуежай аумағында такси бағалары көрсетілген тиісті стендтер ілінген.

"Туристік маусым басында, екі апта ішінде жұмыс тобы таксиге тапсырыс беру қызметтерін ұсынатын AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy құнын талдап, сапардың орташа бағасы есептелді. Жолаушыларды тасымалдау тарифтері бастапқы және баратын пунктке дейін қашықтыққа әрі такси санатына байланысты 1 200-ден 12 000 теңгеге дейін өзгереді. Ең жоғары құны әуежай терминалынан Шымбұлақ тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум-сегментінде көрсетіледі", - деді ол.

Ұсынылатын