Saturday, 19 April,2025

Енді балаларды ұрып-соғуға толықтай заңмен тиым салынбақ

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Отбасында болсын немесе отбасыдан тыс жерде балаларды ұрып-соғуға толықтай заңмен тиым салынбақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мұндай ұсынысты БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен айтты. Zakon.kz-тің жазуынша Артур Ван Дизен балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн екеніне тоқталыпты. Тіпті қазірдің өзінде бұл заңды 65 мемлекет қабылдап үлгерген.

"Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енді. Тағы 27 ел бұл заңға қосылуды жоспарлап отыр. Оның арасында Қазақстанның көршілері де бар. Сондықтан отбасында да, отбасынан тыс жерде де дене жарақатына тыйым салу маңызды болып отыр. Біз балаларға зорлық-зомбылық жасалуына, оларды ұрып-соғуға жол бермеуіміз керек. Бұл – қоғам алдындағы міндетіміз", – дейді БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен.

Ұсынылатын