Friday, 20 September,2024

Энергетикалық сусынның кесірінен ер адам жансақтау бөліміне түсті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Энергетикалық сусынды күнде ішуді әдетке айналдырған Алматы облысының тұрғыны ауруханаға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас қазір Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалаған. Мамандардың айтуынша, ол энергетикалық сусынды бірнеше жылдан бері ішуді әдетке айналдырыпты. Соның салдарынан оның жүрегі дұрыс жұмыс істемей, сыр берген.

“Энергетикалық сусындарды тұтыну артериялық гипертензияға, мигреньге, жүрек ритмінің бұзылуына, асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкеледі. Сондай-ақ, психомоторлық қозуды, тітіркенуді, ұйқысыздықты, тахикардияны, аритмияны, қан қысымының жоғарылауын тудыруы мүмкін”, - дейді кардиолог дәрігер.

Ұсынылатын