Sunday, 24 November,2024

Ер адам автобуста студент қыздың көйлегіне қол жүгірткен

Алмас Абылай
Фото

Семейде белгісіз ер адам автобуста студент қызға тиісті. Әлеуметтік желіде оның бойжеткен көйлегінің астына қол жүгірткені айтылуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Онда қыз баланың әлгі ер адамды видеоға түсіріп үлгергенін көруге болады. Тіпті істеген әрекетін бетіне басқан сәтте әлгі кісі телефонды жұлып алып, жерге лақтырған.

Көп ұзамай бұл жағдай полиция пікір білдірді. Онда 35 жастағы қала тұрғыны ұсталғанын айтуда.

"Әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында облыс орталығы тұрғынының өзіне автобуста тиіспек болған ер адамға қатысты жарияланымы анықталды. Абай облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, ер адамның жеке басын анықтады. Ол қолға түсіп, Семей қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілген 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты", - делінген ақпаратта.

Ер адам ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ұсынылатын