Sunday, 24 November,2024

Ерболат Досаев Алматыда су тарифі өсетінін айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы су тұтыну тарифінің өсетінін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Біздің қалада судың бағасын шексіз арзан десе болады. Шексіз. Бұл ретте біз Мемлекет басшысы мен Үкіметке су тұтынудың қалыпты нормаларын енгізу үшін ұсыныс жасағымыз келеді. Яғни, су бойынша бір тариф болсын, ал тұтыну нормасынан асатын барлық нәрсе нарықтық негізде төленуі тиіс. Биыл жазда қаламыздың кейбір аудандарында судың расымен басты байлық екеніне көзіміз жетті

Біраз өзгерістер дайындап жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта қалада су тұтыну тарифі өзгеретін болады. Себебі, компаниялар негізінен ішетін суды емес, техникалық суды пайдалануы керек. Бірақ бізде Кеңес одағы кезінен қалған «суды аямау» дәстүрі әлі бар. Меніңше, бұл мәселеге көзқарасымызды өзгертетін уақыт жетті. Сондай-ақ Алматы су мен болашағымызға ұқыпты қарау жөнінде басқаларға үлгі бола алады деп ойлаймын», - деді Ерболат Досаев.

Ұсынылатын