Friday, 22 November,2024

Ерболат Оспанқұлов: “Баянмен ақшаға келісе алмай қалдық”

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

"Адамдар арасындағы бөлтірік" фильміндегі Гілі-Гілі образымен ел есінде қалған, көптеген сериалдар мен киноларға түскен белгілі актер Ерболат Оспанқұлов продюсер Баян Алагөзова туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ерболат Оспанқұлов El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “БазарLike” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда актер өнердегі жолы мен өмірдегі қиындықтары туралы сыр шертті. Оның айтуынша, талай әкім-қаралар үй береміз деп алдап кетіпті. Тіпті өнерден алыстап қалған кездері ол ішкілікке де салынған.

“Депрессияға түспедім деген адам жоқ шығар. Іштік қой, оны несіне жасырамын? Кино үзіліп қалған кезде, ешкімге керек емес секілді болып қаласың. Ең жаманы сол! Бұрынғы достарың да жоқ. Сондай кезде адам осындай күйзеліске түседі. Керек десеңіз ондай жағдайда адам өз-өзіне қол созуға дейін барады”, - деді актер.

Ол кезінде бірге киноға түскен Баян Мақсатқызы туралы да пікір білдірді. Актердің айтуынша, бұрынғы әріптесі ескі танысын өз жобасына қабылдамай қойған.

“Тракторшының махаббаты” деген фильмге келгенмін. Баянның түсірген сериалы ғой.  Содан алдын ала фотоға түсіп, проба жасадық. Содан “өттіңіз, мына Саймасай ауылында түсіреміз” деді. Онда да сол ақша жағынан келісе алмай қалдық. Содан Баянның өзі түсе берсін, рахмет деп айттым. Продюсерлерді қолғапша ауысытырып жатты. Ол фильмде мен мал дәрігердің рөлін сомдамақшы болғанмын. Баян менің келгенімді білді, бірақ артымнан іздеген жоқ”, - деді Ерболат Оспанқұлов.

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын