Saturday, 23 November,2024

“Ердостың тісі сынды, Еркіннің көзі көгерді”. Бағлан Әбдірайымов бұзық болғанын жасырмады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

“Жігіттер” квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов жастық шағында көрген қызықтары туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Еңбек жолымды 2001 жылы, кафеде музыкант болып бастадым. Ол кезде бір әнге тапсырыс беру құны - 200 теңге болатын. Сол кездері күніне аз дегенде 2000 теңге табатынбыз. Алатын степендия - 3500 теңге. Күндіз - оқу, түнде - жұмыс. Бір кісідей бұзық едік. Кафеге келген талай адам жағадан алып, мазаны алатын. Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгеріп, Айдар гитарасын құшақтап, талай тепкіден де өткенбіз. Үшеуіне мен қарайтынмын. Еркін ерегісіп, мені төбелестіреді. Айдар мен Ердос ілініп қалатын. Қанатын қатайтып, адам қатарына қостық қой, әйтеуір. Қазір ғой бәрі - қажы. Бала болсақ та, шын дос болдық. Сол достықтың арқасында 2000 жылдан бері, бір нанды бөлісіп жеп жүрміз. Кейін Еркін икра қосылған нан жегісі келіп кетті. Уақыт өте нанды бөлек жесек те, дастарқан бір болды", - деп жазды әнші.

Ұсынылатын