Saturday, 23 November,2024

Ерке Есмахан киімдерін сатылымға шығарды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Танымал әнші Ерке Есмахан қымбат киімдерін сатылымға шығарды. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Киімдерді реттеуге енді қол жетті. Киілмей кеткен киім өте көп. Беретінін берем, сататынын сатамын. Тастайтын киімдерім де бар. Алла кешірсін, ысырап болып жатыр. Сөмкелерім де өте көп. Екі көмекшім үлгермей жатыр. Сыйланбайды, тек арзан бағаға сатылады. Он сөмке киім шықты. Ескі киімдер емес. Бір рет киілген және тіпті жаңа көйлектер бар. Қимастық сезім болып тұр. Әр көйлекке қарап, қаншама той мен концерт есіме түсті", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ұсынылатын