Tuesday, 14 May,2024

Ерке Есмахан жүктілігіне қатысты бар шындықты айтты

Алмас Абылай
Фото Instagram/erke_esmahan

Үнемі ел аузында жүретін Ерке Есмахан Райммен қосылғалы түрлі қауесеттерге тап болып жүр. Бұл жол желі қолданушылары оның көтергенін сөз қылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ерке Есмаханның әр басқан қадамы үнемі жұрттың бақылауында. Бұл жолы желі қолданушылары оның желіге жүктеген суретін сөз қылған. Бірі әнші көтерді десе, енді бірі жақында Ерке ана атанады деп болжам жасапты. Алайда бұл алып-қашпа сөздің барлығын әнші жоққа шығарды.

«Өсек таратпай тұра тұрыңыздар. Баяғы қыз кезімде түскен сурет. Білмеймін, неге ішім бар сияқты болып қалған. Әлеуметтік желіге шықсам, бірден өсек. Ештеңе жарияламай, тыныш отырғаным жақсы еді», — деп жазды Ерке Есмахан.

Ұсынылатын