Friday, 22 November,2024

“Ерке мені тастап кетті”. AZ бұрынғы махаббаты туралы шындықты айтты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ninety One тобының бұрынғы мүшесі, AZ лақап атымен танымал әнші Азамат Зенкаев тұңғыш рет бұрынғы махаббаты Ерке Есмахан туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы танымал рэпер Азамат Зенкаев Youtube-тегі TALK LIKE бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда әнші Ninety One тобынан неліктен кеткені туралы және Ерке Есмаханмен болған қарым-қатынасы жайлы сыр шертеді. Оның айтуынша, ол бұрынғы ғашығын құлай сүйген, бірақ арадағы сезім уақыт өте келе өшіпті. Азамат Еркенің Райммен қосылғанын қуанышпен қабылдадым дейді.

“Ерке менен айырылып қалды. Еркеге мен өлең жазып берген болатынмын. Ол жалпы әзілге жақсы қарайтын қыз ғой. Солай таныстығымыз, әңгімеміз жарасып кетті. Ол мені солай баурап алды. Анаммен таныстырдым. Еркені анам жақсы қабылдады. Ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Жәй ғана екі жаққа кеттік, - деді әнші.

Ұсынылатын