Friday, 20 September,2024

“Еркектер, қайдасыңдар?”. Жасы 40-тан асқан әйел тоқал болмақ

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде тоқал болғысы келетін әйелдің жазбасы қызу талқыланып жатыр. Онда ол болашақ күйеуіне бірнеше талап қойған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Facebook әлеуметтік желісінде пайда болған жазба көптің қызу талқысына түсті. Онда 46 жастағы әйел өзіне күйеу іздейтінін және кез келген жүректі жігітке тоқал болатынын жазған.

“Болды! Тоқал болам деп шештім! Мені тоқал еткісі келетін, жасы 60-қа дейінгі духовистый ер азаматтар болса, осында “мен алам” деп жазыңыздар. Жекеге жазбаңыздар, тек осы посттың астына жазуларыңыз керек. Жамағатымнан жасырар ештеңем жоқ. Шетелдікке байға тигенше, өз қазағыма қызметім сіңсін”, - деп жазды әйел.

Ол жазбасында өзі туралы қысқаша мәліметтер де бере кеткен. 46 жастағы әйелдің бір ұлы, бір қызы бар. Қазір жұмыс істемейді екен. Тоқал бола қалған жағдайда, қолындағы бар дүниесін бала-шағасына тастап кететінін айтады.

“Үйім баламның атында, 2015 жылғы Kia Seed көлігімді ұлыма тастап кетем. Қолымдағы Айфон 14 Про телефонымды қызыма тастап кетем. Ал алтындарым мен киім-кешегімді сіңілдеріме таратып берем”, - дейді жазба авторы.

Сондай-ақ әйел бала-шағасының қолынан ұзатылатынын да жеткізіпті. Бірақ салмағы мен бойы туралы ақпаратты құпия қалдырған. Қалған әңгімені жеке қалғанда айтамыз дейді.

Ұсынылатын