Saturday, 18 May,2024

Еркін күрестен Болат Сақаев Азия чемпионы атанды

Uaqyt.info
Фото uww.org

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақ балуаны топ жарды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы vesti.kz жазды. 79 келі салмақтың финалдық белдесуінде Болат Өзбекстаннан келген Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионаты, Азия біріншіліктері мен Азиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Бекзод Абдурахмоновты жеңді.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын жүлде. Мұның алдында грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов, еркін күресте Санжар Досжанов, бұрымдылардан еркін күресте Элмира Сыздықова және Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионы атанған еді.

Ұсынылатын