Ерлан Қошанов әуе апатынан қаза тапқан президенттің жерлеу рәсіміне қатысады
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото
                         Фото 
                                                        Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрахим Раисиді жерлеу рәсіміне қатысады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болуына байланысты Тегеранда көңіл айту және құрмет көрсетуге арналған іс-шараға қатысады”, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Иранның сегізінші президенті Ибрахим Раиси 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні тікұшақ апатынан қаза тапқан болатын.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


