Friday, 22 November,2024

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды

Алмас Абылай
Фото parlam.kz

VIII шақырылымдағы Мәжіліс төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Оның кандидатурасын депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынған болатын, деп хабарлайды, Uaqyt.info.  

Айта кетейік, Мәжіліс төрағасы лауазымына бір ғана кандидат ұсынылды. Санақ комиссиясының төрағасы депутат Жанарбек Әшімжановтың айтуынша, жасырын дауыс бергендер бір ауыздан Қошановқа дауыс берген.

Ерлан Қошанов 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісі таратылғанға дейін төменгі палатаның төрағасы болды. Сонымен қатар, ол 2022 жылдың 26 сәуірінен бастап "AMANAT" партиясының төрағасы қызметін атқарып келеді.  

Ұсынылатын