- Басты жаңалықтар
- Спорт
- Ерлер дәретханасына күштеп алып кірген: Конор Макгрегор қыз зорлады деген күдікке ілінді
Ерлер дәретханасына күштеп алып кірген: Конор Макгрегор қыз зорлады деген күдікке ілінді
Атышулы спортшы, UFC чемпионы, жекпе-жек шебері Конор Макгрегор қыз зорлады деп айыпталды. Ол баскетбол жарысында белгісіз бойжеткенді ерлер дәретханасына күштеп кіргізген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
TMZ Sports дерегіне сүйенсек, оқиға Флорида штатында болған. 9 маусым күні НБА ойынының ақтық сынына Конор Макгрегор да барады. Тіпті бұл ойынның үзілісінде спортшы көрерменге көңіл күй сыйлау үшін шағын қойылымға да қатысқан. Бірақ жарыс соңында белгісіз қызды ерлер дәретханасына күштеп алып кіріп, арам пиғылын іске асырған көрінеді.
Тіпті спортшының күзетшілері есікті жауып, ешкімді кіргізбеу үшін қарап тұрған. Бойжеткен шынтағымен спортшыны ұрып жүріп, құрсауынан қашып шығыпты. Осылайша жергілікті құзырлы органға шағымданып, адвокат жалдаған.
Дей тұрғанымен Макгрегор бұл жағдайды мойындаған жоқ. Тіпті кінәсіз екенін мәлімдеуде.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталды. Соның нәтижесіне қарай нақты жағдай белгілі болмақ.