"Ерсі көрінеді". Тойда әнге жұлқына билеп шыққан орамалдағы қыз ұятқа қалды
Тойлардың бірінде асабаның шақыруымен ортаға шыққан бойжеткен ұятқа қалды. Ол оранып келсе де шетел биіне бұраңдап билеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан асабаның тойхана ортасына белгісіз бойжеткенді шақырғанын байқайсыз. Ал әлгі оранған қыз шетел биіне бұрала, бөксесін бұлғаңдата билей жөнеледі.
Дәл осы сәтте асаба әуенді тоқтатып, оған басқасын қойып берген. Әрі шетел музыкасына үстіндегі киіммен жұлқына билеу мүлде жараспайды деп айтып тастайды.
Желідегі жұрт бұл әрекетке түрлі пікір жазуда. Басым бөлігі асабаны қолдайтынына тоқталған.
"Оранбай-ақ қойыңдаршы, ұят қой". "Асаба, жарайсың". "Мынадай киіммен билегені ерсі көрінеді". "Адам үстіндегі киімге сәйкес болмай ма". "Енді тойда билемек түгілі, келмейтіндей болған шығар". "Оранғанын қайтейін, бүкіл денесін көрсетіп, жабыстырып алыпты ғой", - деген сыни жазбаларын жазуда желідегі жұрт.
@starcinema.kz #aktau #mangystau #wedding #starcinemakz ♬ оригинальный звук - video studio STARCINEMA.KZ