“Ерте бітірдім”. Мейрамбектің әйелі ел естімеген құпияны ашты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева өзіне қатысты қызықты мәліметпен бөлісті. Ол жақсы оқығаны үшін мектепті 15 жасында бітіргенін айтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Мархабат Бесбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Онда ол оқырмандарының бірінің “Мектепті қалай оқыдыңыз?” деген сұрағына былай деп жауап берген.
"Бірінші класты оқып, үшінші класқа жіберді. Екінші сыныптың программасын біледі деп. Үштен бесінші сыныпқа ауыстырды. Жақсы оқығаным үшін. 15 жасымда бітірдім мектепті", - дейді Мейрамбектің жары.