Monday, 9 December,2024

“Ертең шу, наразылық болады”. Министр паранджа мен никабқа қашан тыйым салынатынын айтты

Uaqyt.info
Фото

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Министр паранджа мен никаб киюге қашан тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дін мен мемлекет бөлек. Әр адамның діни сезімін құрметтеуіміз керек. Сол тұрғыда әрбір шешім жан-жақты қоғаммен талқыланып, зерделеніп, содан кейін қабылданады. Бір күнде өзгертіп тастау оңай. Ертең қандай шу болатынын, адамдар наразылығын білдіретінін ескеруіміз керек. Депутаттардың да нақты сауалдары болады. Біз, біріншіден, дін саласындағы тұжырымдамамызды анықтап алдық. Бүгінде не өзекті, қандай мәселелер нақты керек деген?! Ал енді қауіпсіздік тұрғысында міндетті түрде паранджа, никабқа қатысты ұстанымнан кеткен жоқпыз. Оны заңды тұрғыда қарау мәселесі, оның салдары бойынша қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы да айтамын, ол тек қана біздің министрліктің құзыретінде емес. Қоғаммен ақылдасып жасалатын іс-шара. Сондықтан талқылаулар міндетті түрде ендігі жылы болады”, - деді Аида Балаева. 

Ұсынылатын