Monday, 9 December,2024

Ертең Түркияның тағдыры шешіледі

Алмас Абылай
Фото ВВС

Түркиядағы Президент сайлауы ертең жалғасады. Басым дауысқа ие болған Ердоған мен Кылычдароғлы екінші кезеңде сынға түспек, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС агенттігінің жазуынша, Түркиядағы кандидаттардың Президентікке деген үміті ерекше. Әсіресе оппозияициялық партия көшбасшысы Кемал Кылычдароғлы халықты жарқын болашаққа жетелейтінін айтып, дабыл қағуда. Тіпті ол миллиондаған сириялық босқынды жіберетінін айтып, ұлтшылдар қолдауына ие болды.

Дей тұрғанымен Ердоғанның басты қарсыласы дәл осы мәлімдемесі арқылы оған жақпай қалған. Қазіргі басшы Реджеп Тайып Ердоған Кылычдароғлының бұл мәлімдемесі ел арасында өшпенділік тудыратынын айтып отыр. Тіпті дәл осылай жеңіске жететін болса бұл мемлекеттің емес, террористердің жеңісі болатынына тоқталған.

Айта кетейік, Түркиядағы Президент сайлауының екінші туры ертең болады. Бұған дейінгі науқанда Реджеп Тайып Ердоған 49 пайыз қолдауға ие болса, оның басты қарсыласы халықтың 45 пайыз дауысын жинаған.

Енді олар ертең сайлауға келмеген 8 миллион халықтың дауысына немесе үшінші үміткерді қолдаған азаматтардың таңдауына үміт артпақ.

Ұсынылатын